Елімізде телевизия мен радио бір күнге өшіріледі

19 Желтоқсан 2023, 16:31 921

Елімізде осы аптаның сенбісінде, яғни 23 желтоқсанда телевизия мен радиодан хабар тарату белгілі уақыт аралығында өшіріледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.

Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетіні айтылады.

Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: