Қазақстан тарихына қатысты 7 томдық жинақ жарық көреді

26 Тамыз 2022, 17:25 2079

Басылымды шығару үшін 400-ге жуық маман жұмыс жасауда.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде «Алаш республикасының 105 жылдығы және қазақ конституциясының бастауы: жаңа дереккөздері, мәселелер және зерттеу келешегі» атты конференция өтті, деп хабарлайды EL.kz.

Аталған іс-шарада Президенттің көп томды басылымды шығаруға берген тапсырмасының қалай іске асып жатқандығы жайлы сөз қозғалды.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдиновтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. 

Аталған кітап 7 томнан тұрады. 1-том – Ежелгі Қазақстан, яғни VI ғасырға дейін, 2-том – Түрік қағанаты дәуірі, 3-том – Жошы ұлысы, XIII ғасырдың басынан XV ғасырдың ортасына дейін, 4-том – Қазақ хандығы, 5-том – Жаңа дәуірдегі Қазақстан, XVIII – XX ғасырдың басы, 6-том Кеңестік дәуірдегі Қазақстан, 7-том Тәуелсіздік дәуірі аралығын қамтиды.

«Ең бірінші 7 томдық академиялық басылым біздің тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін қажет», – дейді Зиябек Қабылдинов.

Басылымды әзірлеуге 400-ге жуық маман жұмыс жасатыр. Олардың 90%-ы отандық қызметкерлер болса, өзгесі шетелдің білікті мамандары. Алдағы уақытта «Қазақстан тарихы» 7 томдық академиялық кітап қазақ, орыс, және ағылшын тілінде жарық көреді.


Ажар Лаубаева
Бөлісу: