Елімізде тамызда 159,5 мың көлік құралы есепке қойылды

Елімізде тамызда 159,5 мың көлік құралы есепке қойылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы тамыз айында 159,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 144,7 мыңы – жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,5 мың – автобус және 3,6 мыңы – мото көлік, деп жазады El.kz интернет порталы.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 786,9 мың бірлікті құрады.

Елдегі автопарктің басым бөлігін ескі көліктер құрайды. Соңғы деректерге сәйкес, жеңіл автомобильдердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүр. Тағы 24,2%-ының шыққанына 10-нан 20 жылға дейін болған. 7-10 жыл аралығындағы автомобильдердің үлесі 10,3%-ды, ал 3-7 жыл аралығындағысы – 17,2%-ды құрайды. Шығарылғанына үш жылдан аз уақыт болған жаңа көліктердің үлесі – 6,8%, - делінген мәліметте.

Жасы 20 жылдан асқан автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген – 356,5 мың бірлік. Алматы қаласында мұндай көліктердің саны 211 мың болса, Жамбыл облысында – 199,5 мың.