Елімізде такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны артқан

20 Шілде, 10:14 560

Қазақстанда такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны едәуір артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистикалық бюро мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,63% артып, 35,6 млн-ға жеткен.  

Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8% артық. Сонымен қатар такси қызметтерінің бағасы жыл басынан бері 4,7% өскен.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: