20.10.2022
09:11
1323

Елімізде тағы 51 адам коронавирус жұқтырды

Бір күнде 51 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz

20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирус инфекциясынан (–827+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, ал 864 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқасқа ӨЖЖ аппараты қосылған.