Елімізде сыртқы тауар айналымы 11,1% өскен

13 Маусым 2023, 10:36 842

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5%-ке өскенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде нақты сектордағы өсу 3,6%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9%-ті құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Өңірлер арасында ең жоғары өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды, – дейді ҰЭМ Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ ол алдын ала қорытынды бойынша, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 миллиард долларға жеткенін айтты.

Экспорт 25,5 миллиард долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 миллиард долларды. Жалпы, оң сауда балансы 6,6 миллиард долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өсті. Көрсеткіш өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғары өсуді Алматы қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары көрсетті, – деді министр.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: