Елімізде су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам сынама зерттелді

7 Сәуір, 05:27 747

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны болған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде 4 мыңнан астам су сынамасы зерттелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің нысандарына күшейтілген бақылау жүргізуде. 

Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды. Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда,- делінген министрлік мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: