Елімізде самокат жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады

10 Мамыр 2023, 11:03 1122

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов самокат жүргізушілеріне қатысты бірнеше жол жүру ережесі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің сөзіне қарағанда, самокат, велосипед және мопед жүргізушілеріне қатысты жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр.

Бұдан былай самокатты тек 18-ге толған және жүргізуші куәлігі бар азаматтар тізгіндей алады.

Самокат жүргізушілері жолдың оң жағында жүруі тиіс және міндетті түрде шлем киюі керек. Сондай-ақ жарық шағылыстыратын құрылғысы болуы да қажет. Ал тротуарда жүретін болса, онда басымдық жаяу жүргіншілерге беріледі, - деді министр.

Ведомство басшысы жүргізушілерге арналған заң жобасы әлі де қарастырылып жатқанын атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: