29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИндустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен министрлікте Роботтандыру тұжырымдамасы талқылауға арналған жиналыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Брейнстормингке «Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, «Qazindusrty» ҚИЭО» АҚ және KUKA Robotics, «Quant Robotics» ЖШС, «Global Robotic Systems» ЖШС сияқты шет елдік роботтандыру саласындағы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында роботтандыру саласының басым бағыттары мен кәсіпорындардың негізгі қажеттіліктері, сондай-ақ ел үшін маңызы бар жобаларды мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша роботтарды әртүрлі салаларда пайдалануды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтау арқылы робот интеграторларына жағдай жасау үшін құралдарды жүйелеу туралы шешім қабылданды.
Өз кезегінде Д.Щеглова роботтандыру тұжырымдамасы біздің экономикамыздың дамуындағы маңызды қадам болып табылатынын, бұл өндірістен мультипликативтік әсер алуға мүмкіндік беретінін және елдің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек