Елімізде қаржы пирамидасының белгілерін тексеретін бот іске қосылды

12 Қаңтар 2023, 09:54 1229

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлім етті

Қазақстандықтар бір-ақ сәтте компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚМА әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.

Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.
Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.

ҚМА қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыратын болады. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.

EL.KZ
Бөлісу: