Елімізде қанша нәрестеге БЦЖ вакцинациясы салынды

Елімізде қанша нәрестеге БЦЖ вакцинациясы салынды

158 мыңға жуық жаңа туған нәресте БЦЖ вакцинациясын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ДСМ мәліметінше, БЦЖ егу (Кальметт-Герен Бацилла вакцинасы), әсіресе жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда туберкулездің алдын алудың маңызды бөлігі болып табылады.

2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша перзентханада 158 776 бала (94,5%) БЦЖ вакцинасымен егілді, 1 жасқа дейінгі учаскеде тіркелген жері бойынша тағы 3 764 бала. ҚР бойынша бір жылға дейінгі балаларды БЦЖ вакцинациясымен қамту 97,01%-ды құрады (ДДҰ стандарты 95%-дан кем емес), - делінген мәліметте.