Елімізде педагогтерді даярлау әсілдері түбегейлі өзгереді

5 Қазан 2023, 12:23 736

Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезінде мектептердегі маман тапшылығына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президент елімізде 5 мың педагог жетіспейтінін тілге тиек етті. Сонымен қатар түлектердің мамандық бойынша жұмыс істемейтініне де қынжылды.

Қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар, - деді Тоқаев.

Осы орайда педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін өзгерту керектігі сөз болды.

Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет, - деді президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: