Елімізде орташа ең жоғары айлық табыс көлемі анықталды

Еліміздің Ұлттық статистика бюросы түрлі бағыттағы мамандықтар бойынша орташа еңбекақы мөлшерін жарияады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстарда ең жоғары орташа табыс тау-кен өндірісінде еңбек ететін отандастарымызға тиесілі. Олардың айлық табысы — 766 555 теңге шамасында.
Орташа жалақы ең жоғары салалар:
Тау-кен өндіру — 766 555 теңге;
Қаржы және сақтандыру — 602 114 теңге;
Ақпарат және байланыс– 541 218 теңге;
Өнеркәсіп — 474 938 теңге;
Құрылыс — 472 084 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну — 249 425 теңге;
Жылжымайтын мүлікпен операциялар — 234 366 теңге;
Өнер, ойын-сауық және демалыс — 203 031 теңге;
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу — 201 884 теңге;
Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер:
Атырау облысы — 618 420 теңге;
Маңғыстау облысы — 509 818 теңге;
Ұлытау облысы — 450 889 теңге;
Астана қаласы — 432 197 теңге;
Алматы қаласы — 390 322 теңге.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер:
Солтүстік Қазақстан облысы — 241 102 теңге;
Жетісу облысы — 246 203;
Шымкент қаласы — 254 202 теңге;
Жамбыл облысы — 254 646;
Түркістан облысы — 257 874
2023 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық табыс 340 636 теңге шамасында болған.