Елімізде орташа айлықтың көлемі азайған

20 Шілде 2023, 13:45 1083

Ұлттық экономика министрлігі жылдың алты айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің халықаралық резервтері 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 94,2 млрд АҚШ доллардын құрад, 2023 жылдың басына қарағанда 3,8% өсті. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,8%, 34,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 7,3%, 59,8 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды, - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Ведомство дерегінше, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі мамыр айында 170,1 мың теңге болған.

Бұл 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда 2,6% төмен.

«Орташа айлық жалақы 2023 жылғы I тоқсанда 340,6 мың теңге болды және 2022 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда номиналды мәнде 19,3% артып, нақты мәнде 0,6%-ке төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% болды», - делінген анықтамада.

Равиль Ашығали
Бөлісу: