Елімізде өрт қаупі жоғары өңірлер аталды

Елімізде өрт қаупі жоғары өңірлер аталды

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында және де  Алматы және Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, нөсер, бұршақ және жел күтіледі. Әсіресе оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы қауіпті болады. Елдің батысында жауын-шашынсыз, бірақ өрт қаупі сақталады. Солтүстік пен шығыста тұман түсіп, ауа температурасы -2°C-қа дейін төмендейді.

Қатты жел республиканың бүкіл аумағында күтіледі.

ТЖМ азаматтарды далада от жағуға, ашық алаңда темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштардың жанында жақпауға шақырады.