Елімізде өңірлік жастар кадрлық резерві құрылады

16 Тамыз 2023, 16:13 1021

Келесі жылы өңірлік жастар кадрлық резерві құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сұрақ-жауап барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.

Жастар кадрлық резервіне талдау жасай келе, өңірлерде де кадрлардың жетіспеушілігі байқалды. Осыған байланысты біз өңірлік жастар резервін құру бойынша бастама жасадық. Қазіргі таңда барлық нормативті құқықтық актілер қабылданды. Президенттік жастар кадр резервін аяқтағаннан кейін келесі жылдан бастап жастар кадрлық резервін іске асыруды бастаймыз, - деді Дархан Жазықбаев.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне алынған мамандар қай салаларда қызмет атқаратыны айтылды.

Миражан Махан
Бөлісу: