Елімізде мұнай өндіру көлемі төмендейді

15 Тамыз 2023, 13:40 995

МАЭК-тегі апатқа байланысты жыл соңына дейін мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз жыл соңында мұнай өндірудің жоспарланған көлемін қысқарттық, өздеріңіз білетіндей, біз шамамен 90,5 миллион тонна өндіруге тиіс едік. Енді, бұл МАЭК-тегі апат қана емес, жалпы алғанда, кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары айтарлықтай көп болды. Сонымен қатар қосымша жөндеуге қатысты мәселелер де болды. Осыған байланысты біз қазір бір жерде, тәулігіне 12 мың тонна электр қуатын шектеуге байланысты жоспардан ауытқып жатырмыз. Ал басқа бір жерде 1,5-2 миллион шамасында, мүмкін жыл соңына дейін мұнай өндіру болжамын төмендететін шығармыз, - деді министр.

Болжам бойынша, шамамен 89,4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған.

Министр қазіргі таңда кен орнында жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Миражан Махан
Бөлісу: