Елімізде мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

13 Қыркүйек, 00:32 456

Елімізде 2024 жылғы 1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2023 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте салық органдары мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептейді.

Салық төленетін мүлік бойынша төленеді:

Қате төлемдерді болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz сайтындағы "алдағы төлемдер" сервисінде, e-salyq azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Halykbank банктердің мобильді қосымшаларында көрсетілген деректемелер бойынша төлем жүргізудің бір мезгілде мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын қарауды ұсынады.

Зарина Арман
Бөлісу: