Елімізде мерзімі аяқталған құжат үшін қанша айыппұл төленеді

18 Сәуір 2023, 11:58 2854

Жеке басты куәландыратын немесе оның қандай да бір құқығын растайтын құжаттардың жарамдылық мерзімі бар. Мұндай құжаттардың негізгісіне мыналар жатады: жеке куәлік, ҚР азаматының төлқұжаты, жүргізу куәлігі. Олардың кейбірін жаңартпауға да болады, дегенмен ең маңызды құжаттардың мерзімі өтіп кетсе, онда ол үшін айыппұл қарастырылғанын ұмытпаған жөн, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өскен сайын айыппұл көлемі де артатынын ұмытпау керек.

Жеке куәлік

Жеке басты куәландыру құжаты 16 жасқа толған кезде беріледі. Оны 15 жұмыс күні ішінде немесе одан тез мерзімде алуға болады.

Жеке куәлікті алу немесе мерзімін ұзарту құны – 0,2 АЕК (2023 жылы 690 теңге).

Жеке куәлік мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай уақыт өтсе – 7 АЕК (24 150 теңге).

Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікті бір жыл ішінде ауыстырып үлгермесеңіз, яғни бұл жағдай қайталанса, онда 13 АЕК немесе 44 850 теңге айыппұл төлейсіз.

Жүргізуші куәлігі

Жүргізуші куәлігі 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.

Жүргізуші куәлігін алу құны – 1,25 АЕК (4 312,5 теңге).

Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде де осынша қаражат төлейсіз.

Егер көлікті мерзімі өткен жүргізуші куәлігімен жүргізетін болсаңыз, онда 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейсіз және құжатты уақытында ауыстырмағаныңыз үшін жүргізуші куәлігін қайта емтихан тапсырып аласыз.

Сондықтан құжатты жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін уақытында ауыстыру маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізуші куәлігін автомектепте оқымай-ақ алуға болады.

Тұрғылықты жері жоқтар мен оны жалған көрсеткендерді де дәл осындай жаза күтіп тұр.

ҚР азаматының төлқұжаты

ҚР азаматының төлқұжаты міндетті емес. Тиісінше оның жарамдылық мерзімі өткен кезде қазақстандықтарға айыппұл салынбайды. Алайда бұл шетелге шығуға кері әсер етуі мүмкін, өйткені кейбір елдерде құжаттың жарамдылық мерзімі белгілі бір шектен төмен болмауы керек деген талаптар бар. Мысалы, кем дегенде бір жыл немесе 6 ай. Сондықтан құжаттың қолданылу мерзіміне алдын ала назар аудару керек.

Ересектерге де, 16 жасқа дейінгі балаларға да 10 жылға төлқұжат беріледі. Паспорт алу және оны жаңарту үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 27 600 теңгені құрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: