Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери полицияның бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс дайындады.
ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңында «механикалық көлік құралы» анықтамасынан «мопед» деген сөз алынып тасталды. Ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұл ұғым да алынып тасталуға жатады, - делінген мәліметте.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15329326 сілтеме бойынша танысуға болады.