496.41
542.77
6.05

Елімізде мәдениет саласындағы 46 бизнес-үдеріске реинжиниринг жүргізілді

t.me/KZgovernment
Кеше, 11:37 286

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәдениет және өнер саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол цифрлық трансформация жасанды интеллект пен үлкен деректерді өңдеуді қосқанда, деректерді талдаудың заманауи технологияларын енгізу арқылы шығармашылық жобалардың табысын болжауға бағытталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметтің 21 түрін көрсетіп отыр. Оның 12-сі толық, 8-і ішінара автоматтандырылған. 2024 жылы шамамен 530 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 67%-ы электрондық форматта ұсынылды.

Біз Мәдениет министрлігінің 46 бизнес-үдерісіне реинжиниринг жүргіздік. Олардың үшеуі кино жобаларын өндіруге, ал үшеуі оларды таратуға қатысты, – деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: