Елімізде күн жылынады

30 Қазан, 13:57 651

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында елімізде болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанып отыр: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: