Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады

4 Қараша 2022, 09:17 1013

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады, деп хабарлайды El.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирусты 51 адам жұқтырып, 2 адам аталған дерттен айығып кеткен.

Айта кетейік, қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты  35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын.

4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 4 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.

EL.KZ
Бөлісу: