Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, өктен тәулікте вирусты жұқтырғандар саны 139 адамды құрады. Сондай-ақ 6 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.
25 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 22 қаңтар күні ковид жұқтырғандар саны 56 адамды құраса, 23-і күні олардың саны 92 адамға жетті. Ал кеше, 24 қарашада олардың саны 116 адам болды.