17.11.2022
10:04
1411
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

16 қарашадағы бір тәулікте коронавирус 72 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 14 адамнан анықталды, деп хабарлайды El.kz

Қазір ел өңірлерінде коронавирустан - 609 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 177 (КВИ-), барлығы 786 адам емделіп жатыр. 90 пациент стационарда, 696-сы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.