Елімізде коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

13 Қыркүйек 2022, 08:24 876

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 735 жетті.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 12 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды El.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 735 жетті.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 17, Ақмола облысында – 3, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 2, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Абай облысында - 3, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 14, Ұлытау облысында - 6, Қостанай облысында - 4, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Түркістан облысында - 1 анықталды.

Бөлісу: