Елімізде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылмақ

16 Қыркүйек 2022, 10:52 1316

Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты

Елімізде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімін 8 жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды EL.kz.

«Әлемдік практикаға сәйкес, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын адамдардың өкілеттік мерзімінен асып кетуі керек. Мысалы, Германия, Италия, Испания, Португалия және басқа да бірқатар елдердің конституциялық соттары осылай қалыптасады. Бұл Конституциялық Сот судьяларының әртүрлі саяси күштердің әсерінен тәуелсіздігінің негізгі кепілі», - деді «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын таныстырған министр.

Қанат Мусиннің атап өтуінше, осыған байланысты заң жобасында Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайту көзделген.

Бөлісу: