Елімізде коммуналдық тарифтер қаншалықты қымбаттады?

22 Ақпан, 13:00 706

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады. Бір өңірлерде тариф жоғарыласа, екіншісінде төмендеді, - дейді Тимур Мекешұлы.

Тимур Жақсылықовтың сөзінше, коммуналдық салаға тиісті деңгейде қаржы бөлінбеген.

Егер біз апаттық жағдайлардың болғанын қаламасақ, инфрақұрылымды жаңартуымыз керек. Ол үшін инвестиция қажет. Инвестиция салудың екі көзі бар. Бірі – тариф пен тұтынушылар болса, екіншісі – бюджет, салық төлеушілердің қаржысы. Егер біз сумен жабдықтау, жылыту, энергетика жүйесі дұрыс жұмыс істесін десек, бізге оған қаржы құю керек, - деп атап өтті ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Тимур Мекешұлының айтуынша, елімізде тарифтер алдағы уақытта да қымбаттай бермек.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: