22.08.2024
09:32
821
Елімізде көлік саны бір жылда 12,3 пайызға көбейді

Елімізде көлік саны бір жылда 12,3 пайызға көбейді

Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның 4,8 млн-ы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.

Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік көп.

Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірлері бар автокөлік құралдарының саны 9,4%-ке, яғни 157,3 мыңға дейін қысқарды. Аймақ белгіленбеген нөмірлері бар машиналардың саны 13%-ға, 294,4 мыңға дейін, ал дипломатиялық нөмір таққан автокөлік құралдарының саны 10%-ға, 48,8 мыңға дейін өсті, - деп жазды Energyprom.kz.

Биылғы жарты жылда қазақстандықтар 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ға өскен. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.