Елімізде клиникалық хаттамаларды қолдану мониторингінің жаңа тәсілі енгізіледі

17 Шілде 2023, 20:58 1101

Астанада Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Онда республикалық деңгейде денсаулық сақтаудағы стандарттау жөніндегі бірыңғай әдіснамалық орталықтың базасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың клиникалық хаттамалары мен стандарттарын әзірлеуді үйлестіру жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды.

Атап айтқанда, ол клиникалық хаттама – бұл белгілі бір ауру немесе пациенттің жағдайы кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсыныстар. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына, сондай-ақ клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмек көрсетеді. 

Бүгінгі таңда клиникалық хаттамалардың 4 түрі бар: диагностика және емдеу, медициналық араласу, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік көмек.

Клиникалық хаттама – бұл біздің денсаулық сақтау жүйесінің көрінісі болып табылатын ұлттық құжат. Біз қоғамның бұл мәселеге белсенді қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдіретініне қуаныштымыз, - деді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің стандарттау басқармасының басшысы Айгүл Телешева.

Оның айтуынша, бүгінде 500-ден астам хаттама шешімін күтуде. Ол сондай-ақ Қазақстанда 5 жылдан астам уақыт бойы БСК - клиникалық хаттамалардың сапасын бақылау жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп келе жатқанын еске салды.

Қазақстанда алғаш рет біз өңірлерде клиникалық хаттамаларды қолдану мониторингінің тетігін енгізетін боламыз. Бұл механизмнің мақсаты емдеу хаттамаларының дәрігерлерге қаншалықты жеткізілгенін және іс жүзінде енгізілгенін анықтау болып табылады. Біз осы хаттамаларды қолданатын және енгізетін дәрігерлерден кері байланыс алуға тырысамыз. Бүгінгі таңда клиникалық хаттамаларды әзірлеу кәсіби қауымдастықтардың қатысуымен жоғары оқу орындарының ғылыми орталықтары мен зерттеу институттарының басшылығымен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта біз осы процеске пациенттер қауымдастығын тартуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Айгүл Телешева.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, клиникалық хаттаманы әзірлеу ғылыми тәжірибе мен консенсусқа негізделген, белгілі бір жағдайларда медициналық көмектің ең қолайлы түрін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл дәрігерлік тағайындауларға ұтымды көзқарасты қамтамасыз етеді, клиникалық практикадағы сәйкессіздіктер санын азайтады, дәрігерлерді үздіксіз оқытуға, аудитті қоса алғанда, медициналық көмектің сапасын бақылауды жүзеге асыруға, ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануға, сондай-ақ кемшіліктерді, бар әдеби деректерді анықтауға және осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: