04.07.2024
06:35
3032
Елімізде кімдер сараланған гранттарға үміткер бола алады

Елімізде кімдер сараланған гранттарға үміткер бола алады

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілгенін алға тартты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сараланған гранттар – бұл 50% оқу ақысы төленетін гранттар.

300 сараланған грант екі бағыт бойынша бөлінген:

«Педагогикалық ғылымдар» - 150 грант;

«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 150 грант.

Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысуы қажет. Ешқандай қосымша құжат қажет емес. Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 20 маусымда барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастаған. 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.