13.09.2023
17:47
1581
Елімізде кедейлік деңгейі ең жоғары өңір анықталды

Елімізде кедейлік деңгейі ең жоғары өңір анықталды

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, - делінген мәліметте.

ҚР бойынша 2023 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 47 884 теңгені құрады.