Бастапқы жарнасы бар азамат үшін екінші нарықтан 30 млн теңгеге пәтер алу қаншалықты қолжетімді? Krisha.kz мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің талаптары қатаң, тіпті орташа айлық жалақы 1 млн теңгеге жуық болуы керек.
Банктердің негізгі талаптары
Ипотека рәсімдеу үшін қарыз алушыға қойылатын талаптар қатаң:
Мысалы, ипотека төлемі айына 480 мың теңге болса, жалақы кемінде 960 мың теңге болуы керек. Ал егер бұған қоса ай сайын 120 мың теңге тұтынушылық несие төлесеңіз, онда жалпы табыс 1,2 млн теңгеден кем болмауы тиіс.
Маңызды жайт: егер ерлі-зайыптылар ресми некеде болса, банк отбасының жалпы табысын қарайды. Бір адам өтінім берсе де, екінші жұбайдың несиелері немесе қарыздары шешімге әсер етуі мүмкін. Керісінше, жұбайының жоғары табысы ипотеканы тиімді шартпен алуға мүмкіндік береді.
30 млн теңгелік пәтерге қанша табыс керек?
Қазіргі таңда екінші нарықтағы тұрғын үйге ипотеканы Altyn Bank, Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Нұрбанк, ForteBank, RBK және Отбасы банк ұсынады.
Біз мынадай шарттар бойынша есеп жүргіздік:
пәтер құны – 30 млн теңге;
бастапқы жарна – 20-30%;
мерзім – 10 жыл.
Осы жағдайда екінші деңгейлі банктерден ипотека алу үшін қажет орташа айлық табыс шамамен 965 500 теңгені құрайды.
Отбасы банктің ерекшелігі
Отбасы банк басқа банктерден бөлек жүйемен жұмыс істейді – мұнда алдымен депозит ашып, қаражат жинау қажет. Бастапқы жарна да жоғары: үй құнының кемінде 50%-ы жиналуы тиіс.
Жинақтау мерзімі ұзаған сайын пайыздық мөлшерлеме төмендейді:
аралық несие – шамамен 7,5%-дан басталады (бағалау көрсеткіші жеткілікті болғанда);
тұрғын үй несиесі – 4%-дан, бірақ оған кемінде 3 жыл жинақтағаннан кейін ғана қол жеткізуге болады.
Жалақы жеткіліксіз болса, не істеу керек?
Егер ресми табыс жеткіліксіз болса, банкке қосымша кіріс көздерін көрсетуге болады:
Бұл табыстар құжатпен расталуы тиіс. Сонымен қатар қосымша кепілзат ұсыну немесе табысы жоғары кепілгер қосу да несие алу мүмкіндігін арттырады.
Тағы бір балама – мемлекеттік бағдарламалар. Мысалы, «Наурыз» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10%-дан басталады. 30 млн теңгелік пәтер үшін ай сайынғы төлем шамамен 333 мың теңге болып, уақыт өте азая береді.