09.07.2025
07:31
11245
Елімізде инватакси қызметіне жарты жылда тапсырыс бергендер саны 200 мыңнан асты

Елімізде инватакси қызметіне жарты жылда тапсырыс бергендер саны 200 мыңнан асты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға инватакси қызметін жетілдіру мақсатында такси агрегаторларын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2025 жылдың басынан бері Астана мен Алматы қалаларында инватакси қызметі 221,7 мың рет көрсетілді. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 207,2 мыңға жеткен.

Бұған дейін инватакси қызметін пайдалану үшін азаматтар бір күн бұрын телефон арқылы жазылуға мәжбүр болатын. Жоба бұл рәсімді жеңілдетіп, Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Қосымшада мүгедектігі бар жандардың қажеттіліктерін көрсету және жүргізушіге арнайы нұсқаулық беру функциясы қарастырылған.

Яндекс компаниясы жобаға өтеусіз негізде қатысып отыр. Бұл жаңа тәсіл инватакси қызметінің қолжетімділігін арттырып, сапасын жақсартуға бағытталған. Пилоттық жоба қазіргі таңда Астана мен Алматыда жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта басқа өңірлерге кеңейту жоспарланып отыр.