09.11.2022
16:22
2843
Елімізде ет өнімдері 16 пайызға қымбаттады

Елімізде ет өнімдері 16 пайызға қымбаттады

Қазан айының қорытындысында ет және ет өнімдерінің бағасы бір жылда бірден 15,9 пайызға артты. Оның ішінде ет және құс еті — 14,6, шұжық өнімдері — 21,3% қымбаттады, деп хабарлайды El.kz Ranking.кz-ке сілтеме жасап. 

Бір жылда сиыр етінің бағасы — 9,3, жылқы еті — 16,3, шошқа еті — 13,4, қой еті — 12,5, құс еті 28,6 пайызға, шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар - 22,2, жартылай ысталған шұжықтар 21,2 пайызға көтерілді.

Қазан айында дүкендер мен базар сөрелерінде сиыр етінің келісі орта есеппен - 2,4 мың, қой еті — 2,7 мың, шошқа еті — 2 мың, жылқы еті — 3 мың, тауық еті — 1,4 мың, тауық сан еті — 1,2 мың, қайнатылған шұжық — 2,6 мың, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңгеден сатылды.