518.34
591.06
6.27

Елімізде есірткі сатумен айналысқан футболшы мен актер ұсталды

t.me/POLICE_of_KZ
10 Сәуір, 13:34 2711

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Шымкент қаласында 1,5 келі а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан.

Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Ол кезінде сериалға түскен екен.

Оның жол сөмкесінен шамамен 2 келі гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: