Елімізде енді балалар арасындағы буллинг үшін ата-аналар да жауапқа тартылмақ

17 Сәуір, 09:20 539

Қазақстанда енді балалар арасындағы буллингке ата-аналар да жауапты болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын әкімшілік кодекске қабылданған түзетулер жарияланды. 

Психологтардың айтуынша, буллинг бұрыннан болған. Тіпті балаларға арналған «Ұсқынсыз үйрек», «Золушка» ертегілерінде де бұл мысалдар бар. Бірақ қазір әлеуметтік желілердің кесірінен асқынып кетті. Буллинг жасаушы адам да жәбірленуші сынды психологтың көмегіне мұқтаж.

Егер ата-ана баласымен эмоционалды байланыста болмаса, қандай да бір себептермен агрессия қалыптасады. Яғни ол да буллингті басынан өткерген, – деді психолог Татьяна Любчанская. 

Қазіргі уақытта заң бойынша бұған жауапкершілік енгізіп отыр. Шамамен 35 мың теңге айыппұл салынады. Келтірілген зиянға байланысты бұл қарапайым ескерту немесе қылмыстық жауапкершілік те болуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: