Елімізде ең жоғары жалақы ұсынылатын мамандар анықталды

10 Қазан 2023, 13:39 685

Қыркүйек айында Электрондық еңбек биржасында 127 мың бос жұмыс орны және 113,8 мың түйіндеме жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЕХӘҚМ мәліметінше, тамыз айымен салыстырғанда еңбек нарығындағы сұраныс аздап төмендеді (-1% немесе 1,7 мың бос жұмыс орны), ал ұсыныс өсуді жалғастыруда, бірақ өсу қарқынын бәсеңдеген (+8% немесе 8,8 мың түйіндеме).

Өткен айда еңбек нарығындағы сұраныстың өсуі ұсыныстың өсуінен екі есе асып түсті. ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының санын арттырудың драйвері «Білім және тәрбие» кәсіби саласы болды. Дәл осы салада қыркүйек айында ЭЕБ-ға сұраныстың бәсеңдеуі байқалды, өйткені білім беру мекемелері тарапынан кадрларға сұраныс төмендеді, – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және ірі деректерді талдау департаментінің директоры Бақтияр Жазықпаев.

Сұраныстың төмендеуіне қарамастан, қыркүйек айында білім беру ұйымдары басқа салалармен салыстырғанда ең көп бос жұмыс орындарын орналастырды. Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі мекемелер орналастырған бос жұмыс орындарының үлесіне еңбек нарығындағы жалпы сұраныстың үштен бірі (33% немесе 41,8 мың бос жұмыс орны) тиесілі болды.

Қыркүйек айында басқа салалардың кәсіпорындары арасында электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтаудағы бос жұмыс орындарының саны айтарлықтай өсті (75% немесе 0,6 мың бірлікке). Осы саладағы бос жұмыс орындарының жалпы санының 62%-ы (немесе 0,9 мың бірлік) Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі болды, бұл энергия өндіруші қуаттардың жылыту маусымына дайындық қажеттілігіне байланысты, – деді Бақтияр Жазықпаев.

Өңірлік бөліністе қыркүйек айында бос жұмыс орындарының ең көп өсуі Шымкент қаласында (+32% немесе 0,8 мың), Ақмола (+22% немесе 1,2 мың) және Қызылорда (+15% немесе 0,5 мың) облыстарында байқалды. Ұсынысқа келетін болсақ, еңбек нарығында орналастырылған түйіндемелер санының белсенді өсуі Шымкент қаласында (+60% немесе 3,4 мың), сондай-ақ Түркістан (+37% немесе 4,5 мың) және Қостанай (+35% немесе 1,1 мың) облыстарында тіркелді.

Бұл ретте Қостанай облысы бойынша бос жұмыс орындарының жалпы саны (12,3 мың) түйіндеме санынан 3 есе (4 мың) артық, ал Шымкентте жағдай түбегейлі қарама-қайшы: 3,7 мың бос орын және 9,1 мың түйіндеме, – деп бөлісті Бақтияр Жазықпаев.

Қыркүйек айында жоғары білікті кадрларға сұраныс 54,4 мың бос жұмыс орнын (немесе еңбек нарығындағы барлық сұраныстың 43%), орта білікті персоналға – 44,9 мың бос жұмыс орнын (немесе 35%), біліктілігі жоқ жұмыс күшіне – 27,7 мың бос жұмыс орнын (немесе 22%) құрады. Сонымен қатар жоғары білікті жұмыс іздеушілер 56,5 мың түйіндеме, орта білікті ізденушілер 28,1 мың түйіндеме, ал біліктілігі жоқ қызметкерлер 29,2 мың түйіндеме орналастырды.

Осылайша, жоғары және төмен біліктілікке арналған біліктілік сұранысы мен ұсынысын салыстыру кезінде айтарлықтай айырмашылықтың байқалмағанын атап өтуге болады. Ал орташа білікті мамандар үшін бос орындар санының (44,9 мың бірлік) түйіндеме санынан 1,6 есе артуы байқалады. Бұл әсіресе әкімшілік қызметкерлер үшін байқалады: бос жұмыс орындарының саны (9,4 мың бірлік) осы санаттағы ізденушілердің түйіндемелерінің санынан 2,5 есе көп, – деп атап өтті Бақтияр Жазықпаев.

Қыркүйек айында ЭЕБ-дағы мамандар арасында өткен айдағыдай байланыс орталықтарының операторлары (олар үшін бос жұмыс орындарының саны 4,4 мың бірлікке артық), математика мұғалімдері (1,3 мың бірлікке), сондай-ақ тәрбиешілердің көмекшілері (тиісінше 1,2 мың бірлікке) тапшы болды.

Сонымен бірге вахтершы орнына үміткерлер саны, керісінше, ұқсас бос жұмыс орындарының санынан 1,3 мың адамға, заңгерлер – 1 мың адамға, дене шынықтыру және спорт мұғалімдері – 0,8 мың адамға асып түсті.

Ең жоғары жалақы мөлшерін қыркүйек айында жұмыс берушілер учаскелердің механиктеріне (орта есеппен 766 мың теңгеден бастап), тау-кен инженерлеріне (760 мың теңгеден бастап), сондай-ақ маркетинг қызметінің басшыларына (700 мың теңгеден бастап) ұсынды. Өз кезегінде ізденушілер тарапынан ең жоғары жалақыны қалаймындар қатарында кеме капитандары (орта есеппен 1,2 млн теңгеден бастап), ұшқыштар (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ ғылыми қызметкерлер (950 мың теңгеден бастап) болды.

Осылайша, қыркүйек айында еңбек нарығындағы сұраныс білім беру саласындағы жұмыс берушілердің белсенділігінің төмендеуіне байланысты өсу қарқынын бәсеңдетті. Сонымен қатар, білім беру мекемелері кадрларды іріктейтін басқа жұмыс берушілер арасында көшбасшылық позицияны жалғастыруда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: