Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсті

3 Қаңтар, 17:31 1316

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері өскендігін мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті. Енді жұмыс берушілер Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде төлеуге міндеттеледі.

Министрлік бірінші кезекте ең төменгі жалақыны арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады дейді.  Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: