23.01.2025
18:11
753
Елімізде электромобильдер ең көп қала анықталды

Елімізде электромобильдер ең көп қала анықталды

Бір жыл ішінде Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған.

Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен, - делінген мәліметте.

Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы үздік үштікті қорытындылаған, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.

Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 бірлік, автобустардікі – 130 бірлік.