20.04.2023
19:37
937
Елімізде ЭКО операциясы тегін жасалады

Елімізде ЭКО операциясы тегін жасалады

2020 жылдан бері  жасанды ұрықтандыру бағдарламасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Биыл Қазақстан бойынша ЭКО-ға 7 мың квота бөлінді. Бағдарламаға қатысқысы келетіндер емханалар арқылы тіркеледі. Қосалқы репродуктивтік технологиялармен жұмыс істейтін клиниканы пациенттің өзі таңдайды.

Қазақстанда 19 клиника медсақтандыру арқылы ЭКО қызметін көрсетеді. Олар:  

Алматы:

  • Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы;
  • Репродуктивті медицина институты;
  • "Нұрай" ЭКО клиникасы;
  • "Persona" репродуктологияның халықаралық клиникалық орталығы;
  • "Private Clinic Almaty";
  • "Экомед";
  • "ЭКО".

Астана:

  • "Геном Астана" ЖШС;
  • "Астана Эколайф" ЖШС;
  • "Экомед Плюс" ЖШС.

Шымкент:

  • "Экомед-Шымкент";
  • "ЭКО центр доктора Тарарака".

Тараз:

  • "Неке және жанұя" медициналық орталығы;
  • "Арман репродуктивтік орталығы".

 

Ақтөбе: Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы. 

Атырау: "Экомед-Атырау". 

Қарағанды: "Ақжан" ЖШС.

Өскемен: ШҚО репродуктивті медицина орталығы.

Түркістан: "Экомед-Түркістан".

Қалған 11 өңірде (Абай, Ақмола, Алматы, БҚО, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Ұлытау облыстарында) Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан ұйымдар жоқ.