16.08.2023
12:35
2236
Елімізде екі университеттің атауы өзгерді

Елімізде екі университеттің атауы өзгерді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін, - делінген бұйрық жобасында.

Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атауының транскрипциясын өзгерту туралы жазылған.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелді.

Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.