Елімізде докторанттардың шәкіртақысы 500 мыңға жетеді

18 Сәуір 2023, 19:53 596

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарды қолдауға бағытталған жобалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Министрдің айтуынша, алдағы жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантура гранттарын көбейту жоспарланып отыр. 

Жастарды ынталандыру үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі, жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантура гранттарын көбейтіп, PhD докторанттардың жалақысын да, шәкіртақыларын да өсіру. 2025 жылға дейін екі есе өссе, 2029 жылға қарай 200%-ға жетеді. Бұл жас ғалымдардың шәкіртақылары 500 мыңнан асады дегенді білдіреді. Қазірдің өзінде 292 мыңға жеткіздік. Екіншіден, жыл сайын «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттар беріліп жатыр. Былтыр 1014 грант берілді, - деді Саясат Нұрбек.

EL.KZ
Бөлісу: