Елімізде бір тәулікте 80 адамнан коронавирус анықталды

25 Наурыз 2023, 13:48 1229

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус – 80, коронавирус пневмониясы 6 адамнан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

25 наурыздағы жағдай бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 729 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 555, пневмониядан (КВИ-) – 174) емделуде. Олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 3 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

EL.KZ
Бөлісу: