Елімізде балалардың терезеден құлауы азаймай тұр

Равиль Ашығали

Елімізде өкінішке қарай жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өсуде. 2023 жылы 59 бала осылай мерт болса, 2024 жылдың алғашқы 4 айында 14 бала биік үйден құлаған. Әрбір оқиғаның артында үңілетін болсақ алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр. Қайғылы жағдайдың жиі қайталану себебі неде? Ата-аналар қауіпсіздік шаралары туралы біле ме? осы және өзге де сұрақтарға El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі жауап іздеп көрді.