26.09.2023
10:53
1437
Елімізде балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар

Елімізде балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар

Елімізде ересек адамдардың 21 пайызы темекі тартады. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі – 10 пайызды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі - 17,5 пайызды, артық дене салмағының таралуы 15 пайызды құрайды, - деді министр.

Министр балалардың 20 пайызы артық дене салмағынан, ал 6 пайызы семіздіктен зардап шегетінін атап өтті.