03.10.2024
21:05
1050
Елімізде балалар үйіне түскен бөбектер саны рекордтық деңгейге жетті

Елімізде балалар үйіне түскен бөбектер саны рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда өткен жылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 8,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Finprom.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр бір жыл ішінде бөбектер үйлеріне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық бүлдіршін жіберілген. Бұл соңғы бірнеше жылдан бергі рекордтық деңгей. Айта кету керек, бұл бүлдіршіндердің тек 546-сы жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ал 800-дей баланың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылмаған.  

2024 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар.