Елімізде ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді

2 Қазан, 13:24 1826

Қазгидромет 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, онымен салқын ауа райы күтіледі және негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 аязға дейін төмендейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: