04.08.2023
16:08
1474
Елімізде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Таяу күндері Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшейюі күтіледі.

Елдің батыс аймақтарында әлі де жоғары қысым аумағының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде. Алайда, 5-6 тамызда күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады деп күтілуде.