Елімізде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді

28 Тамыз 2023, 13:43 1138

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағаймен және қатты желмен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде күтіледі, түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады, содан кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде 10-15 жылыға дейін, күндіз 20-25 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: